Пресса о нас

Поделиться:

05 мая 2018 г.Ләйлә Сұлтанқызы өзінің су жаңа темір тұлпарын көрсетті

Елімізге танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қымбат маркалы, су жаңа көлігін көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Тележүргізуші бұл жайында Instagram парақшасында жазды.

"Бірінші көлігім есіме түсіп отыр. Жасым 27-де. Тұрмысқа шықпаған кезім. Не үйім, не көлігім жоқ. Құны бес мың евро тұратын "Mitsubishi dingo" көлігін алу үшін үш жылдай ақша жинадым. Рулі оң жақта болса да, сол көлікке алғаш отырғандағы сезімімді қазір де жеткізе алмаймын.

Қазір Құдайға шүкір тұрақты жұмыс орның болса, кез-келген көлікті ала аласың. Мен негізі "Ягуар" мен "Range rover" маркаларының амбасадорымын. Астананың "Terra Motors" компаниясының ұсынысымен көлікті болдым", - деп ағынан жарылды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бес жыл қатарынан Ұлттық арнада "Әйел бақыты" бағдарламасын жүргізген Сұлтанқызы бүгінде "Өз ойым" бағдарламасын қолға алған.

Тележүргізуші осыдан біраз уақыт бұрын бағдарламасына қонаққа келген "Қазақстан аруларын" сұлулығы жөнінен басып озған болатын.

Источник: NUR.KZ